Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды

17.01.2022

Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

Еске сала кетсек, бұған дейін 14 қаңтарда комитет Самат Әбіштің еңбек демалысында екенін мәлімдеген еді.

Самат Сатыбалдыұлы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары қызметін 2015 жылдың желтоқсан айынан бүгінге дейін атқарып келді.


Хабарламаларға жазылу