Қытайда экономикалық өсім баяулады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда экономикалық өсім баяулады

17.01.2022

Қытайда өткен жылдың соңғы тоқсанында өндіріс көлемі 4 пайызға өскен. Бұл 2021 жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда экономикалық өсімнің баяулағанын көрсетеді. Мұндай ахуалдың қалыптасуына жылжымайтын мүлік саудасының азаюы, коронавирусқа қатысты локдаундар ықпалынан тұтынушылар белсенділігінің төмендеуі себеп.

Бағалардың өсуі және сауданың әлсіз жүруі шағын бизнес нысандарының жабылуына әкелді. Ал қарызға батқан жергілікті атқару органдары мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қысқартуға мәжбүр. Қытай экономикасының баяулауы әлем экономикасына әсер етуі мүмкін.

Оның үстіне қазір Қытайда «омикрон» жылдам тарап жатыр. Одан шектеулер күшейіп, тауар тасымалдау тізбегі үзілуі мүмкін деген қауіп бар.    

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу