Алматыда террорға қарсы арнайы операция басталғаннан бері 2 600 күдікті ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда террорға қарсы арнайы операция басталғаннан бері 2 600 күдікті ұсталды

17.01.2022

Алматыда террорға қарсы операция басталғаннан бері лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстар жасады деген күдікпен 2 600 адам ұсталған. 127 бірлік атыс қаруы мен 4 077 оқ-дәрі тәркіленді. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпарат орталығы хабарлады. Өткен тәулікте «102» пультіне 329 тұрғын хабарласқан. Комендатураның байланыс орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді сұраған 48 дабыл қабылданған.

Айта кетейік, Алматыда қаңтардың 6-сынан бастап терроризмге қарсы арнайы операция жүріп жатыр. 


Хабарламаларға жазылу