Семейде есірткі жасайтын зертхана анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде есірткі жасайтын зертхана анықталды

17.01.2022

Семейде есірткі жасайтын зертхана әшкере болды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. 15 қаңтар күні қалада жасырын түрде есірткі заттарын жасап келген орын анықталып, оны ұйымдастырған азамат құрықталды. Қазір күдікті уақытша тергеу абақтысында.

Жедел алдын алу шаралары кезінде 5 келі психотроптық заттар тәркіленген. 50 келі синтетикалық есірткі дайындауға қажет шикізаттар мен зертханалық құралдар да анықталған. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу