Утильдік алым: Мөлшерін қайта қарау барысында аса сақ болу керек - сарапшылар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Утильдік алым: Мөлшерін қайта қарау барысында аса сақ болу керек - сарапшылар

16.01.2022

У-дай қымбат утильдік алым елімізде 1 кубқа дейінгі машиналарға 437 мың теңге, ал, 3 кубтан жоғарыларға 3 354 550 тенге деп белгіленген. Тіпті, ауыл шаруашылығы техникалары осының салдарынан 30 процентке дейін өсіп кеткен. Бірден айта кететіні, утильдік алым тек көлікке салынбайды.

Санжар Боқай, сарапшы:

Ол деген біздің ауылшаруашылықта істеп жатқан шаруаларымыз үшін үлкен соққы ғой. Ол сол бағаны алады да өзінің картоп болсын, жаңағы алып отқан өніміне қоса салады. Өйткені ол да қайтарып алу керек қой. Ал, сонда кім төлейді утилизацияны, бәріміз төлейміз, азық-түлік аламыз. Одан кейін кабельная проводниковая деген. Бүкіл электр жүйесіндегі кабельдерге қойып тастаған. Сонда мына Үкіметтің отырысын қарасақ тұрғын үйдің бағасы өсіп кетті деп, оны қалай тоқтата аламыз деп тағы талқылайды. Әрине өседі. Өйткені өздері утилизациялық төлемдерді салып тастаған. Оның бәрі байлардың қалтасына баратын, халықтың қалтасынан шығатын ақша.

Статистикаға сүйенсек, еліміздегі ескі көліктер жалпы көліктің 70 процентінен асады. Ал, утильдік алымның жекенің жетегінен, мемлекеттің меншігіне өтіп, мөлшерін қайта қарау барысында аса сақ болу керек, дейді сарапшылар.

Олжас Оқас, сарапшы:

Болашақта утилизациалық алым сомасын қайта реттеу кезінде өте абай, мұқият болу керек. Оны тым төмендетіп жіберсең бүкіл ақша Армения, Грузия, Ресей сияқты мемлекеттерге кетеді. Тым қымбаттатып жіберсең тағы да шу болады. Сондықтан ортасын табу керек деп есептеймін. Ал, өз ұсынысым болашақта утилизациялық алым ұсынысын, көліктің қозғалтқыш көлеміне және айлық есептік көрсеткішке байламау керек.

Нұраддин Садық, сарапшы:

Бірақ, біздің ұсынысымыз бұл форма РОП формасында емес, мемлекеттік РГП формасында болу керек. Яғни, мемлекеттік мекеме болған кезде. Және бұр РГП тек қана қаржы жинаумен ғана, және оны жүзеге асырумен айналыспау керек. Бұл қаржы жинайтын агрегатор, бақылаушы орган ретінде, ал әрі қарай оны жүзега асырып, релизовать ететін өзге де РОП-тарға мүмкіндік беру керек. Себебі, біздер бір жеке монополистен құтылып, мемлекет формасындағы екінші монопалисті қолдан жасамуымыз керек.

2016 жылдан бері утилизациядан «РОП» операторына алымдар есебінен 691 млрд теңге түскен. Қазір екінші денгейдегі банктердегі ақшаның қалдығы 220 млрд-тан асады. Тоқталатыны – жиналған ақшаның басым бөлігі отандық автоөндірісті қолдауға берілген. Олардың да өркендеп кеткені шамалы. Мысалы, «Азия авто» банкротқа ұшырады, ал бастығы Балушкин қашып кетті.

Лаура Мәлікова, Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрайымы:

350 миллиардқа жуығы осы автопромды стимуляция жасауға жіберілген. Оның ешқандай қатысы жоқ. Ал, экологияға тек қана 102 миллиарды жұмсалған. Бұл, біздегі автоөндірушісымақтардың утилсборды пайдаланып өздерінің қалтасын қампайтып отырған. Себебі біз оның нәтижесін көріп отырған жоқпыз, автомоблильдің арзандап жатқанын көріп отқан жоқпыз.

Әлем елдерімен салыстырсақ, АҚШ-та шағын көліктердің утильдік алымы – 100-200 доллардың, толық көлемді көліктердікі – 150-300 доллардың арасында. Нидерландыда тіпті, 45 еуро ғана. Жалпы, Еуропа мемлекеттерінде мұндай алымдар көлемі біркелкі және сондай бір жоғары емес.

Санжар Боқай, сарапшы:

Еуропа елдері мемлекеттерін алатын болсақ, ол жақтағы утилизацияның негізгі мақсаты ол экологияны жөндету. Қайта қалпына келтіру, ескі көліктерді алып тастау деген сияқты. Ал, біздегі сол модельді алып келіп, тек қана байларының жеке мүддесін қорғайтын жеке модель қылып жасап алған. Өйткені Еуропадағы утилизацияның көлемі 100-150 еуроға дейін ғана барады. Ал біздегі соның көрсеткіші 2-2,5 жарым млн. Біздің санауымыз бойынша 25 есе жоғары орташа бағамын алатын болсақ.

Дегенмен де, сарапшылар елімізде утильдік алымның төмендеуімен, көлік бағасы арзандамайды деп болжап отыр. Айта кетейік, қалалық «автоцондар» да қазір баяғы тәртіп бойынша құжаттарды қабылдауда.

Санжар Боқай, сарапшы:

Автокөліктің бағасы арзандамайды. Неге десеңіз автокөлік толығымен дайын боп келеді. Оның бағасын біз тек қана үстінен қосып отқан ақшамыз болмаса, ешқандайда басқа әсері жоқ.

Қыруар жыл тым қымбаттығымен қоғам талқысына түсіп келген утильдік алымның коэфиценттері алдағы уақытта қайта қаралады. Енді оның есебінен отандық көліктер мен ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алушыларға ваучер беру де қарастырылмақ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев бұл алым бойынша жұмыс тобы құрылатынын хабарлады. Не болса да, бұл азаматтық қоғамның жарқын жеңісі болды.

Бауыржан Бөгенбай


Хабарламаларға жазылу