Шетелдіктер еліміздегі жағдайға пікір білдіріп жатыр
Қазақстанда тұрақталып келе жатқан жағдайға шетелдіктер пікір-лебіздерін білдіріп жатыр. Солардың бірі - Австрия Экономика палатасының вице-президенті, Австрия-Қазақстан қоғамының тең президенті - доктор Ричард Шенц.
«Мен Қазақстанға жұмыс бабымен жиі бардым және белгілі бір дәрежеде оны жақсы білемін. Осыған байланысты мен Қазақстанның басым бөлігінде орын алған зорлық-зомбылық оқиғаларын қатты таңданыспен және алаңдаушылықпен бақылап отырдым.Президенттің парламентте жасаған ұсыныстары Қазақстанның қайтадан бейбіт дамып, Орталық Азиядағы тұрақтандырушы факторға айналатынына сенемін», - Шенц мырза.
Ал, Еуропарламент депутаты Люсия Вуолоның мәлімдеуінше, «Елдің көптеген аймақтарында бір мезгілде әуежайларды басып алу, ауруханаларға баратын жолдарды жабу, полиция машиналарын өртеп жіберу және т.б. агрессиялық әрекеттердің орын алуы - жақсы үйлестірілген және дайындалған топтардың шабуылын аңғартса керек.
Қазақстан сияқты ірі де маңызды елдің өз демократиясы мен Конституциясын экстремистер мен радикалдардан қорғауы бүкіл әлем үшін өте маңызды».
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04