Алматыда бүлікшілер «Көктөбе» телемұнарасына бірнеше рет шабуылдаған

14.01.2022

Бүлікшілер Алматыдағы «Көктөбе» телемұнарасына да бірнеше рет шабуылдаған. Бірақ, шекарашылар дер кезінде блокбекет қойып, нысанды қорғап қалды. Егер телеарналарды өртегендей, мұнараны да талқандағанда оның салдары қандай болар еді? Оқиға орнынан Аманкелді Сейтхан...

 Аманкелді Сейтхан, тілші:

Телемұнараны басып алмақ болғандар мұнда бір емес бірнеше мәрте шабуылдаған. Сондай оқиғалар 8-ші қаңтарға дейін жалғасқан. Бірақ мында қойылған блокпосттағы шекарашылар олардың бетін қайтарған.

Бір апта тұрған блокпост кеше ғана жиналыпты. Ал, мұнараға алғашқы шабуыл 6-шы қаңтарда басталған. Түскі 3 жарым кезінде мемлекеттік номері жоқ 1 көлікке тиелген 8 адам келіп, ішке баса-көктеп кірмек болған.

Қайсар Раздыхов, «ҚазТелерадио» АҚ Алматы филиалының бастығы:

Көктөбеге кіреміз ең бастысы тікелей эфир беріңіздер өзіміздің шарттарымызды қоямыз. Соны жолдауымыз керек деді. Соны осы жерде түсіндірдік, бұл жерде шыға алмайсыздар, ондай құрал жоқ бұл жерде.

Ернар Исанов, ҚР ҰҚК шекара қызметі Алматы облысы бойыша департаментінің аға офицері:

Бірнешеуі бағынды. Бағынбағандар осы жерде біздің көліктің дөңгелегіне оқ ату арқылы тоқтатып, құқық қорғау органдарына табыстадық.

Айта кетейік, елдегі 23 телеарна мен 19 радио осы мұнара арқылы хабар таратып отыр. Егер нысан талқандалса ақпарат беру қиындайды, тіпті ұзақ уақыт тоқтап қалуы мүмкін. Сондықтан, мұнара әлі қатаң бақылауда тұр. Тіпті, ағаштар арасында жасырынған арнайы жасақ сарбазы да байқалады.

Хабарламаларға жазылу