«Самұрық-Қазына» қорындағы компаниялардың қызметі реформаланады

14.01.2022

«Самұрық-Қазына» қорындағы компаниялардың қызметі реформаланады. Қордың Мемлекеттік сатып алу саласында бір көзден сатып алу көлемі 50% қысқарады. Сонымен қатар, төлем жасай алмайтын қарыз алушыларға кредит беруі шектеледі. Үкімет басшысының тапсырмасына сәйкес, енді қордың жұмысын реттеу үшін Ұлттық экономика министрлігі мен Стратегиялық жоспарлау агенттігіне, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына нақты ұсыныс енгізу қажет. «Осы жылдан бастап Қордың және барлық ұлттық компаниялардың сатып алулары «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алу туралы» Заңмен реттеледі.

Рақым Ошақбаев, экономист:

Мемлекет басшысы өз сөзінде бірқатар Ұлттық компаниялардың қызметін сынады. Рас, олардың жұмысы сын көтермейді. Себебі, жұмысшылар саны көп, жалақылары жоғары, қыруар мемлекеттік субсидиялар алады. Ал бұл экономикамызға кері әсерін тигізеді. Мәселен, 2017 жылы «Самұрық-Қазына» екінші деңгейлі банктерге бірнеше триллион теңге бөлінген. Қазір ондай мекемелер бізге қажет пе деген сұрақ туындайды. Менің пікірімше, «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек» деген компаниялардың жұмысын мүлдем тоқтату керек. Президент «халық компаниясын» құру қажеттілігін айтты. Бізде, экономистерде мынадай ұсыныс бар. Ол компания тек қайырымдылық мақсатта емес, республикалық маңызы бар нысандарды басқару керек және еліміздің әр азаматы оның акционері болуы тиіс.


Хабарламаларға жазылу