Ақтөбе қаласында «жедел жәрдем» алғы шепте қызмет көрсетті

14.01.2022

Елдегі жаппай тәртіпсіздік кезінде жедел жәрдем бригадаларының қызметкерлері де өмірлеріне төнген қауіпке қарамастан мүлтіксіз қызмет көрсетті. Ақ халаттылар жарақат алғандарға дер кезінде жетіп, көмек көрсетті. Мәселен, Ақтөбе қаласындағы орталық алаңда жедел жәрдемнің онға жуық көлігі тұрды.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Бүлікшілер облыс әкімдігіне шабуыл жасаған күні орталықалаңда жедел жәрдемнің 6 бригадасы жұмыс істеді. Оның үшеуі жарақаттанғандарғасол жерде қызмет көрсетсе, қалғандары науқастарды ауруханаларға тасымалдаптұрды.

Дәрігер Әлібек Әділов сол күні өз бригадасымен бірге орталық алаңда тұрған. Ол бүлікшілер жаудырған тастың көліктеріне тигенін айтады. Дегенмен, медицина қызметкерлерінің өзіне тиіспепті. Соған қарамастан алаңдағы жағдай өтеқорқынышты болды дейді.

Әлібек Әділов, жедел жәрдем бекетінің дәрігері:

Цвето-шумовой гранаталардың осколкалары болып,аяқтарына оқ тигенде жарақаттарын байлап, көмек көрсетіп, БСМП ауруханасына апарып тастадықӨте қорқынышты болды. Тастар, ағаштардымашиналарға лақтырып жатты.

Жалпы, Ақтөбеде жаппайтәртіпсіздік кезінде 50-ге жуық адам зардап шеккен. Оның 17-сі - полицияқызметкері. Қазір тек 2 құқық қорғау қызметкері ғана ауруханада ем алып жатыр.Жағдайлары қалыпты.

Жасұлан Жексембаев, қалалық Жергілікті полиция қызметінің бастығы:

Дәрігерлерге рахмет! Күні-түні қасымда. Бәрін беріп жатыр, емді беріп жатыр. 2-3 күнде аяққа тұрып кетесің деп жатыр.

Бүлікшілер жедел жәрдем қызметінің бір көлігін тоқтатып, қандай адамды алып бара жатқанын сұраған. Көліктің іші сыртынтінтіп, дәрі-дәрмек салынған қобдишаларды ақтарған. Дегенмен, ақ халаттыларжағдайды бақылауда ұстап, қызметтерін жалғастыра берген.

Марат Жанқұлов, облыстық Жедел жәрдем бекетінің бас дәрігері:

Қауіпті жағдай болды. Біздің бір бригадаға шабуыл жасап, машинаны тоқтатты. Ішіндегі аппараттарды тексеріп, қарап, сумкаукладкалар бар, дәрілер, соларды ашып қарап, ЭКГ аппаратымызды алып кетті.Бірақ тастап кеткен сол жерге.

Ақтөбеде бірауысымда жедел жәрдемнің 28 бригадасы қызмет көрсетуде. Олар кез келген уақытта көмекке жетуге әзір.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу