Ұлтық банк қаржы нарығына интервенция жүргізді

14.01.2022

Ұлттық банк елдегі дүрбелеңнен кейін қаржы нарығына интервенция жүргізді. Олардың көлемі 12 және 13 қаңтарда 240 млн долларды немесе бүкіл сауда-саттық көлемінің 50 пайызына жетті.

Жыл басынан бері шетел валютасына сұраныс біршама артқан. Оған елде бір апта бойы қор нарығындағы сауда-саттықтың болмауы әсер етті. Сондықтан теңге бағамы 433,67 теңгеге дейін түсіп, 0,5 %-ке әлсіреді.

Ұлттық банктегілердің айтуынша, қазір валюта нарығындағы жағдай тұрақталды. Қаржы нарығы толық жұмыс істеп тұр. Қаржылық операциялар штаттық режимде жүруде.


Хабарламаларға жазылу