Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы орынбасарлары Ануар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы орынбасарлары Ануар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин ұсталды

13.01.2022

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы Төрағасы Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Осы істің шеңберінде билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер фактілері бойынша қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы орынбасары – «А» арнайы мақсаттағы қызметінің бастығы Ануар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин ұсталды. Тергеу жалғасуда.

Хабарламаларға жазылу