Павлодар облысында тәртіп бұзған 327 адам қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында тәртіп бұзған 327 адам қамауға алынды

12.01.2022

Павлодар облысында 1555 адам ұсталды. Олар жиын кезінде тәртіпсіздікке жол берген және коменданттық сағат тәртібін бұзғандар. Күдікке ілінгендерді қандай жаза күтіп тұр? Тікелей байланысқа шыққан меншікті тілшімізден білейік. 

Болат Аманбаев, тілші:
1,5 мыңнан астам адамның 700-ге жуығы коменданттық тәртіпті бұзғандар. Олардың 350-і түнгі уақытта көлікпен көшеде жүрген. Ол автокөліктер айыптұрағына қойылды. 327 адам 15 тәулікке дейін қамауға алынды. Негізі, Павлодар қаласында ғана емес, адамдар Екібастұзда және Баянауыл ауданында жиналған. Қазіргі уақытта полиция сондағы барлық бейнежазбаларды зерттеп, куәгерлермен жұмыс жүргізуде. Алаңға адам жинауға қатысы бар, елді дүрліктіргісі келіп, бейбастақтық танытқан, тіпті, оқыс әрекет жасауға шақырды-деген күдікке ілінген 870 адам жауапқа тартылды. Араларында Моңғолиядан келген 4 студент болған. Олар дереу еліне қуылды. Қазір өңірде жағдай тыныш. Бірақ полиция әлі де күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жалға берілетін пәтерлер, бос қалған құрылыс нысандарында бөгде адамдардың болмауы жіті тексерілуде.


Хабарламаларға жазылу