Ерлан Қарин: Президент жаңа Қазақстан құруға бет алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қарин: Президент жаңа Қазақстан құруға бет алды

12.01.2022

Қазақстанда лаңкестерге қарсы күрестің өткір кезеңі аяқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжіліс отырысында сөйлеген сөзінің негізгі түйіні осындай. Бұл туралы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин телеграмм каналында жазды. Оның пікірінше, Президент жаңа күн тәртібін белгіледі. Үндеуі қоғамды шабыттандырып, үміт, оптимизм беруге және күрделі мәселелерді шешу үшін сындарлы бағыт белгілеуге арналғанын атап өтті.

«Ол баршаңызды үлкен жасампаз процеске – жаңа Қазақстанды құруға үндейді» деп жазды.

Ерлан Қаринның айтуынша, бұл мемлекеттік аппаратты жаңарту ғана емес. Ең алдымен, қоғамдық құндылықтарды қайта жаңғырту. Радикализмнен, экстремал көзқарастар мен әрекеттерден бас тарту, шығармашылық мотивті нығайту. Қоғамдағы барлық кемшіліктерді жеңу. Кезең-кезеңімен және жүйелі реформаларды жалғастыру.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу