Сарапшы: Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы әскеріне алғыс айтуымыз керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшы: Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы әскеріне алғыс айтуымыз керек

11.01.2022

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының әскерлерін елге кіргізу кезінде халықтың пікірі екіге бөлінді. Бірі - тыныштықты қалпына келтіреді деп сенсе, енді бірі керісінше, бұл егемендігімізге зиянын тигізеді деп дабыл қақты. Бірақ Мемлекет басшысы бүгінгі Мәжіліс отырысында ұйым әскерінің 2 күннен соң Қазақстаннан шығарыла бастайтынын мәлімдеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл мәлімдеме көпшіліктің сауалына нақты жауап болды.

Рахим Ошақбаев, «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры:

Президент мәлімдемесін халық асыға күтті әрі Мемлекет басшысы мен оның командасы қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бәрін назардан тыс қалдырмауға тырысқан. Мәселен, бастапқыда бітімгерлік әскердің елге кіргізілуін үлкен қауіп санағандар көп. Қасым-Жомарт Тоқаев осы күдікке нүкте қойды. Әрі елде орын алған жағдай көрші мемлекеттердің бізге деген әріптестік-достық қатынасын нақтылап берді. Сондықтан керісінше басын бәйгеге тігіп, бізді қорғаған солдаттарға және ұйым басшылығына алғыс айту керекпіз.


Хабарламаларға жазылу