Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының әскері 2 күннен кейін біртіндеп елден қайта бастайды – Қ. Тоқаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының әскері 2 күннен кейін біртіндеп елден қайта бастайды – Қ. Тоқаев

11.01.2022

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының әскері 2 күннен кейін біртіндеп елден қайта бастайды. 10 күн ішінде Қазақстандағы әскери міндеттері аяқталады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің отырысында осылай деді. Ал жаппай тәртіпсіздік салдарынан қираған нысандар мен мүліктер жақын арада қалпына келеді. Зардап шеккен бизнес иелері де қолдаусыз қалмайды. Кәсіпкерлікті дамыту - маңызды бағыттардың бірі болып қалады. Бизнестегі бюрократияны азайту бойынша заңды Үкімет іс жүзінде пайдалануы керек. Лаңкестер қолынан қаза тапқан күштік құрылым қызметкерлерінің отбасыларына әлеуметтік қолдау толық жасалады. Қорғаныс пен құқық қорғау саласы жан-жақты реформаланып, сала заман талабына сай жарақталады. Ішкі және сыртқы көші-қон процесі реттеледі. Шекара шебіндегі күзет күшейтіледі. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жұмысы тексеріліп, қызметі жүйеленеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев - Қазақстан Республикасының Президенті:

Еліміз душар болған ауыр қасіреттің себептерін саралап, оның салдарына нақты баға беру алдымызда тұрған өте маңызды міндет. Жыл басынан бері орын алған барлық жағдайлар бір тізбек деуге негіз бар. Ашығын айтсақ, бұл бірнеше жыл бойы алдын ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі.


Хабарламаларға жазылу