Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы елордаға 23 литр қан плазмасын жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы елордаға 23 литр қан плазмасын жіберді

11.01.2022

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы Нұр-Сұлтан қаласына 23 литр қан плазмасын жіберді. Себебі елордадағы Қан орталығы қор жасақтау үшін 1 топтағы қанды сұратты, дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейтқазинов. Осыдан кейін аймақтағы тұрақты донорлардың көмегімен қажетті қан мөлшерін жиналған. Қан тапсырамын деген тұрғындар әлі де келіп жатыр, бірақ олардың денсаулығы жіті тексерілгеннен кейін ғана плазма әзірленеді, деді мамандар.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу