Атырауда Теңіз мұнай кен орнына әскери күзет қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда Теңіз мұнай кен орнына әскери күзет қойылды

10.01.2022

Президент тапсырмасына сай, Атырау өңіріндегі экономикалық әрі стратегиялық маңызға ие ірі өнеркәсіп орындарына әскери күзет қойылды. Олардың арасында мұнай-газ өндіретін Теңіз кен орны да бар. Блокбекеттер де күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Жандос Темірғали, тілші:

Өңірдегі өндіріс ошақтарын Қазақстан Қарулы күштерінің әскери қызметкерлері мен облыстық Полиция департаментінің инспекторлары күзетеді. Ал, Теңіз кен орнындағы өндіріс нысандарына компанияның күзет қызметі өкілдері де жұмылдырылды. Қаладағы ахуалға келер болсам, тәртіп сақшылары блокбекеттердің бірінде автокөліктен 10 аңшы пышағы мен 10 әскери қысқы киімді тапты. Сондай-ақ, қала аумағында 4 азамат ұсталды. Оларды тексеру кезінде 736 таблетка түріндегі және 236 ампула түріндегі әсері жоғары психотропты дәрілер мен екі тапанша тәркіленді. Облыс орталығында жағдай тұрақталды. Халық қалыпты тіршілікке оралды. Бірақ, төтенше жағдай талабын орындамай, ісі сотқа жіберілгендер де анықталып жатыр. Тиым салынған уақытта жүрген 73 тұрғын ұсталды. Полицейлерге 62 волонтер көмекке келді. Соңғы ақпаратқа сай, жаппай тәртіпсіздікке қатысып, бұзақалық жасағандар саны артты. Бүгін 275 күдікті тұтқындалды.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу