Қостанай облысында 14 блокбекет қойылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында 14 блокбекет қойылған

09.01.2022

Қостанай облысында 14 блок бекет жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдай басталғалы бері бұл бекеттерде 7 мыңға жуық автокөлік тексеруден өтті. Аймақтағы жағдайды тікелей эфирге қосылған осы өңірдегі тілшіміз Дәуренбек Әбдібек айтады.
Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Қостанай облысында жағдай тұрақты. Елді алаңдарлықтай қиындықтар туындап жатқан жоқ. Барлық әлеуметтік мекемелер мен дүкендер жұмыс істеп тұр.Тіпті ойын -сауық орталықтары да ашық. Құқық қорғаушылар қоғамдық тәртіпті күні -түні қадағалауда. Елдің ең басты талабы сұйық отынның бағасын төмендету Қостанайда да жүзеге асты. Қазір аймақта сұйылтылған газ 70 теңге. Ал көпшілік тұтынатын АИ -92 маркалы бензин 182 теңгеге сатып жатыр. Өңірде көліктер мен азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалайтын 14 тосқауыл бекеті орнатылған. Төтенше жағдай басталғалы бұл бекеттерде жеті мыңға тарта көліктен оң мың алты жузден астам тексерілді. Әзірге тәртіп бұзғандар жайлы дерек жоқ.

Хабарламаларға жазылу