16 азамат қаза тауып, 1300-ден астамы жараланды – Ішкі істер министрлігі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

16 азамат қаза тауып, 1300-ден астамы жараланды – Ішкі істер министрлігі

09.01.2022

Лаңкестермен күресте 16 азамат қаза тауып, 1300-ден астам азаматы жараланды. Олардың қатарында полиция, Ұлттық гвардияның әскерилері мен Қорғаныс министрлігінің мамандары бар. Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы қайтыс болған қызметкерлердің жақындарына көңіл айтты. Елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты халықты сабырға шақырды. Әрі Арандатушылардың әккі әрекеттерінен сақ болу керектігін ескертті.

Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы:

Ажал құшқан қызметкерлер Отанына деген құрметі шексіз, антына адал екендіктерін көрсетті. Олардың отбасы мен туыс-туғандарына қайғыра көңіл айтамын. Біз қылмыскерлерді іздестіріп және құрықтау үшін барлық шараны қолданамыз. Олар қазақстандықтарға жасаған қылмысы үшін тиісті жазасын алады.


Хабарламаларға жазылу