Алматыда лаңкестердің шабуылына ұшыраған №7 көпсалалы ауруханада жұмыс қайта жандана бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда лаңкестердің шабуылына ұшыраған №7 көпсалалы ауруханада жұмыс қайта жандана бастады

08.01.2022

Алматыдағы барлық медициналық мекеме штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 6 қаңтарда лаңкестердің шабуылына ұшыраған №7 көпсалалы ауруханада жұмыс қайта жандана бастады.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, екі жүзден астам бұзақы басып кіріп, терезелерден газ балондарымен атқылаған. Жақтастары жараланған болуы керек, алғашқы медициналық жәрдемге қажетті заттар тоналыпты. Қазір аурухананың жан-жағына қарулы күзет қойылып, жағдай тұрақталған.

Күзетші:

Аурухана жұмыс істеп тұр. Ем алып жатқан науқастар бар. Науқастарды қабылдап жатқан жоқ. Қираған жерлерді қалыпқа келтіру керек. Аурухана жұмыс істеп тұр. Ем алып жатқан науқастар бар. Науқастарды қабылдап жатқан жоқ. Қираған жерлерді қалыпқа келтіру керек.


Хабарламаларға жазылу