Бітімгерлік күштер Нұр-Сұлтан қаласын қорғауда: Елордалық әскерилер Алматыдағы лаңкестікпен күреске жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бітімгерлік күштер Нұр-Сұлтан қаласын қорғауда: Елордалық әскерилер Алматыдағы лаңкестікпен күреске жіберілді

08.01.2022

Мемлекет басшысы шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді. Жиынға бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы және Ішкі істер, Қорғаныс министрлерінің міндетін атқарушы тұлғалар баяндама жасады. Отырыста Алиматы қаласы мен өзге де өңірлердегі террорлық шабуылдардың салдарынан бүлінген әкімшілік ғимараттарын әлеуметтік және коммуналдық нысандарды инфрақұрылымдарды қалпына келтіру мәселелеріне баса мән берілді. Сонымен қатар Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының біріккен бітімгерлік күштері бөлімшелерінің Нұр-Сұлтан қаласында қорғау функциясын атқаруы қазақстандық құқық қорғау органдары күштерінің бір бөлігін босатып, лаңкестікке қарсы іс-қимылдарға қатысу үшін Алматыға жіберуге мүмкіндік берді. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі тұрғындар мүддесі үшін жағдайды тұрақтандыруға тартылған ведомстваларды жүйелі әрі жедел жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды. 

Хабарламаларға жазылу