Қызылордада қоғамдық көлік қатынасы қайта жанданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада қоғамдық көлік қатынасы қайта жанданды

08.01.2022

Қызылордада тұрғындар қалыпты өмірге орала бастады. Бүгін қалада қоғамдық көлік қатынасы мен ауданаралық автобустар қайта жолға шықты. Дәл қазір өңірден меншікті тілшіміз Әділбек Серікұлы тікелей эфирге шығуға дайын. Әділбек, аймақтағы соңғы жаңалықтарды баяндасаңыз.

Әділбек Серікұлы, тілші:

Қаланың тыныс-тіршілігі жанданып, тәңертеңнен бастап қоғамдық 130-ға қоғамдық көлік халыққа қызмет көрсетуге шықты. Сондай-ақ, ТЖ режимінің талаптарына байланысты аудандық елді мекендерге кешкі 7-ге дейін автобустар қатынайтын болды. Бүгін қалада тұрмыстық киім-кешек сататын үлкен базарлар да ашылып, саудагерлер жұмысын бастады. Жалпы, жағдай бір қалыпқа түсіп келеді. Толығырақ облыстағы жағдай айтып беру үшін облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет қасымда тұр. Серік Әбжәлиұлы, облысты құрылған жедел штаб жұмысы, коментанттық сағат туралы айтсаңыз.


Әділбек Серікұлы, тілші:

Қала әкімдігі түстен кейін қоғамдық көлік саны көбейетінін жеткізді. Алдағы уақытта жағдайға байланысты басқа да халыққа қызмет көрсететін орындар ашылады.


Хабарламаларға жазылу