«Жабайы Арманмен» бірге қылмыстық топтың тағы 5 мүшесі ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жабайы Арманмен» бірге қылмыстық топтың тағы 5 мүшесі ұсталды

08.01.2022

«Дикий Арманмен» бірге қылмыстық топтың тағы 5 мүшесі ұсталды. Олар Алматыда арнаулы жасақтың операциясы кезінде құрықталды. Қолға түсіру кезінде олардан түрлі маркадағы тапаншалар табылды. Оқ жарағы тағы бар. Брондалған көлігі де тәркіленді. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі Алматыда болған шеру барысында қылмыстық топ басшысы Арман Жұмагелдиновтің әрекетіне қатысты видеоны таратты.

Қанат Нұрмағамбетов. ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары:

Жеке тексеру кезінде олар жүріп тұрған броньдалған автомобильден атыс қару арсеналдарды, әр түрлі маркалы және калибрды жартылай автоматты тапаншалар, оқ дәрілер суық қару газ гранатасы және әскери броножелет тәркіленді. Алдын ала жиналған мәліметтерге қарағанда, ол өткен жылдың желтоқсан айында шетелден келген. Және 5-6 қаңтардағы оқиғалар кезінде Алматы қаласында болған. Оның елімізге келу мақсаты және қаруларға қатысты жайларды жедел тексеру тобы тексереді.


Хабарламаларға жазылу