Эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті

07.01.2022

Омикрон дельта штамынан да қауіпті. Таралу жылдамдығы тез. Қаланың бас санитар дәрігері сақтықты күшейту керектігін айтты. Қалада қауіпті штамды 1 адам жұқтырған. Науқас 16 желтоқсан шетелден ұшып келген. ПЦР тапсырғанымен теріс нәтиже көрсеткен. Арада алты күн өткен соң, тамағы ауырып, дәрігерлер көмегіне жүгінеді. Талдау нәтижесінде коронавирустың қауіпті түрі омикрон жұқтырғаны анықталады. Қазір қаладағы эпидемилогиялық жағдай күрделене түсті. 5 қаңтардан бастап қала қызыл аймаққа ауысты. Ал науқастардың 47 пайызы делта штамын жұқтырған. Қазіргі таңда стационарда 337 науқас емделіп жатыр. Оның 32 пайызы жансақтау бөлімінде ем алуда. 7 инфекциялық стационарды қайта ашуға мәжбүр болдық дейді мамандар. Қосымша медицина қызметкерлері де жұмысқа тартылып жатыр.
Сархат Бейсенова, Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар-дәрігері:
Елордада Омикрон штамының айналымына байланысты эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады. Егер өткен аптада күніне 80 жағдай тіркелсе қазір, еселене түсті.  Омикрон штамы дельтаға қарағанда жұқпалы. Клиникалық белгілері - бас ауру, шаршау температура. 

Хабарламаларға жазылу