Бүлікшілер арасында шетелдік содырлар бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүлікшілер арасында шетелдік содырлар бар

07.01.2022

Бұған елімізден бөлек, шетелдік ұйымдардың да қатысы бар. Отандық құқықтанушылар жағдайды осылай бағамдап отыр. Алдағы уақытта ахуал тұрақталуы тиіс. Еліміз бойынша қоғамды дүрліктірген оқиғадағы кінәлілер анықталып, құқықтық тұрғыдан болған жағдайдың астарына үңілу қажет.

Нұрбек Исабай, құқықтанушы:

Белгілі бір топтар, арандатушылар әдейі істеп жүргені анық. Бірақ артында қалың нөпір. Қазір тұрақтылықты қалпына келтіру өте маңызды. Қайтадан мемлекеттік билік органдары жалпы жағдайды бақылауға алуы маңызды. Одан кейін осындай жағдай неліктен орын алды? Оның әлеуметтік, құқықтық, саяси тұрғыдан үңіліп, қарауымыз керек.

Жанар Әбдуақанқызы, әлеуметтанушы:

Қорқыныштар болды халық арасында. «Не істейміз?», «қалай болады?» деген сияқты байқалып тұрған болатын. Қазір халықты билік қолға алғанына байланысты тыныштық сақтап, сабырға келе бастағанын байқауға болады.


Хабарламаларға жазылу