Павлодарда соңғы екі күнде 400 бұзақы ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда соңғы екі күнде 400 бұзақы ұсталды

07.01.2022

Оларға қоғамдық тәртіпті бұзды деген айып тағылып отыр. Қаңтардың 5-і күні түс ауа облыс әкімшілігі алдына жүздеген адам жиналған болатын. 4 сағаттан аса түрлі талаптарын жеткізген көпшіліктің кейбірі әкімшілік ғимаратына баса көктеп кірмек болды. Есігін сындырып, терезесін шақты.

Бірақ полиция мен әскерилер бірігіп, олардың бетін қайтарды. Қазір бейнекамералардағы жазбалар мен әуесқой түсірілімдер мұқият тексеріліп жатыр. Соның нәтижесінде арандатуға үгіттеген 83 адам ұсталды.


Хабарламаларға жазылу