Елге танымал тұлғалар әлеуметтік желідегі жазбаларында халықты сабырға шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елге танымал тұлғалар әлеуметтік желідегі жазбаларында халықты сабырға шақырды

05.01.2022

Елге танымал тұлғалар әлеуметтік желідегі жазбаларында халықты сабырға шақырды. Әнші Димаш Құдайберген іссапарда жүрсе де, елдегі жағдайға алаңдаулы екенін жазады. Оның пікірінше, «ең бастысы – халықтың бірлігі мен амандығы».

«Тек бір мәселе - жыртығымызды жамаймыз деп жүріп, бірлігімізге нұқсан келтіріп алмайық, ағайын! «Жігіттің жақсысы - дұрыс сөзге тоқтай білген, басқаны сөзіне тоқтата білген». Биліктегі құзырлы азаматтар тез арада оңтайлы шешім қабылдап, қордаланған мәселелерді шешсін. Барынша сабырмен, жағдайға байыппен қарап, өзара ортақ шешім қабылдауға ұмтылайық! Билік тарапынан халыққа күш көрсетілмей, халық тарапынан ақылға жеңдіріп, әр қадамды, ертеңгі күнімізді ойлап бір мәмілеге келуге жазғай! Аман бол, елім!» Димаш Құдайберген, әнші

Ақын, маңғыстау тумасы Оңайгүл Тұржан да жеке парақшасында жұрттың тілегіне сай оң шешім боларына сенім білдірді.

«...Халықпен арандатушылар жұмыс істеп жатыр. Басқа қалада, тіпті шетелде отырып алып, айтақтап отырғандарға бәрібір. Маңғыстау оқ даусын естіген жер. Тағы да соны аңсап отырғандардың бар екендігі байқалып қалды. Екі жақты да сабырлыққа шақырамыз».

Оңайгүл Тұржан, ақын:


Хабарламаларға жазылу