Қытайда коронавирус жұқтыру оқиғасы көбейіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда коронавирус жұқтыру оқиғасы көбейіп келеді

28.12.2021

Қытайда коронавирустың симптомтары байқалған адамдар саны төрт күннен бері көбейіп келеді. Мұны осы елдің Денсаулық сақтау жөніндегі ұлттық комиссия мәлімдеді. Оның дерегінше, өткен тәулікте осындай науқастар саны 162 болса, бүгін 182-ге жеткен.

Айта кетсек, бірнеше күн бұрын Қытайдың Сиань қаласы 13 миллион тұрғынымен карантинге жабылды. Өйткені, онда желтоқсанның 9-нан бері ковидке шалдыққандар көбейіп, бүгінде 800-ден асып отыр. Дегенмен сол пациенттер арасында коронавирустың «Омикрон» штамын жұқтырғандар әзірге кездескен жоқ.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу