Мемлекеттік қызметкерлерге қосымша табыс табуға рұқсат берілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметкерлерге қосымша табыс табуға рұқсат берілмек

27.12.2021

Мемлекеттік қызметкерлерге қосымша табыс табуға рұқсат берілмек. Бірақ негізгі жұмыстан тыс уақытта. Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төраймының айтуынша қазір осындай бастама қолға алынған. Айтуынша қазіргі заңда мұндай норма қарастырылмаған. Енді түзетулер енгізіп, рұқсат беру көзделген. Сол кезде мемлекеттік қызметкерлерге жұмыстан тыс уақытта такси жүргізушісі немесе курьер болып, қосымша табыс табуға болады. Десе де кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салынған.  

Хабарламаларға жазылу