Оңтүстік Корея үкіметі «Рfizer» таблеткаларын қолдануға рұқсат берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Корея үкіметі «Рfizer» таблеткаларын қолдануға рұқсат берді

27.12.2021

Оңтүстік Корея үкіметі Pfizer компаниясының коронавирусқа қарсы таблеткаларын төтенше жағдайда қолдануға рұқсат берді. Елдің азық-түлік және дәрі-дәрмек қауіпсіздігі министрлігінің мәлімдеуінше, жаңа препарат стационарлық орталықтарда және үйлерінде емделіп жатқан пациенттердің жағдайын жақсартуға көмектеседі.

Pfizer таблеткасын жасы 12-ге толғандар мен одан үлкендер коронавирустың жеңіл симптомдары байқалғанда немесе ол асқынуы мүмкін кезде пайдалануы керек.

Кореяның 18-ден асқан тұрғындарының 92 пайызы иммундалды. Соған қарамастан, осы инфекцияны жұқтырғандардың тәуліктік саны қайта рекордқа жеткендіктен, өткен аптада елде әлеуметтік алшақтық ережелері қайта қатаңдатылды.))


Хабарламаларға жазылу