Бразилияда екі бөгет құлап, ондаған қаланы су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда екі бөгет құлап, ондаған қаланы су басты

27.12.2021

Бразилияның солтүстік-шығысында екі су бөгеті жарылып, ондаған алапат қаланы топан жайлады. Апат Баия штатында болды. Оған бірнеше апта бойы төпелеп жауған жаңбыр себепші.

Құрбандар мен жараланғандар туралы мәлімет түскен жоқ. Бірақ талай көпір мен жол зақымданған.

Баияның губернаторы Руи Кастро мәлімдегендей, жаңбыр мен тасқыннан 400 мыңдай адам зардап шегіп, 67 қалада мыңдаған тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Аймақта жауын қарашаның басынан бері құйып, 18 адамның өліміне себеп болған. Сонымен қатар көршілес Сальвадор штатының астанасында желтоқсанда жауған нөсердің мөлшері нормадан алты есеге асып кетіпті.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу