Қытайда 13 миллион адам бесінші күн карантинде өмір сүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайда 13 миллион адам бесінші күн карантинде өмір сүріп жатыр

27.12.2021

Қытайдың Сиань қаласында 13 миллиондай адам бес күннен бері карантиннен босатылмай отыр. Басқа елдердегі жағдаймен салыстырғанда, мұнда коронавирусқа шалдыққандар әлдеқайда аз. Соған қарамастан, жергілікті үкімет эпидемияның күрт өршуіне жол бермеу үшін қаланың ішінде қозғалысты қатаң шектеп, оған сырттан адам кіргізбей жатыр.
Жаңа тәртіп бойынша, әр үйден бір адам екі күнде бір мәрте дүкенге және дәріханаға бара алады. Сонымен қатар жұмысы аса маңызды емес тұрғындар да үйлерінен шықпауы керек.
Желтоқсанның 9-ы мен 26-сы аралығында Сианьда 635 адамнан коронавирус анықталған. Алайда сол науқастар ішінде ковидтің «омикрон» штамын жұқтырғандар кездеспеді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу