Тәжік-қырғыз шекарасында шиеленіс тағы қайталанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәжік-қырғыз шекарасында шиеленіс тағы қайталанды

27.12.2021

Тәжік-қырғыз шекарасында шиеленіс тағы қайталанды. Осыған байланысты Қырғызстанның шекара қызметі күшейтілген тәртіппен жұмыс істеп жатыр. Түрлі бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Тәжікстан азаматтары қырғыз азаматтарының көліктеріне тас лақтырған.

Бұған жауап ретінде қырғыз шекарашысы аспанға оқ атса керек. Ал, бұған дейін сенбіде тәжік әскерилері шекара бекеттерінің бірінде миномет орнатқан. Оқиғадан кейін екі елдің шекара заставалараның басшылары кездесіп, жағдайды тұрақтандыру үшін қосымша наряд қойды. Қазір жағдай тұрақталған. Ал Тәжікстан тарабы болған оқиғаға қатысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу