Алматыда «Беймәлім Қазақстан» деректі фильмі көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Беймәлім Қазақстан» деректі фильмі көрсетілді

24.12.2021

Алматыда еліміздің таңғажайып жерлері туралы баяндайтын «Беймәлім Қазақстан» деректі фильмі көрсетілді. 4 ай бойы түсірілген ауқымды жоба Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған. Деректі фильмнің түсірілім тобы,  шамамен, 100 мың шақырымды бағындырып, өңірлерді түгел аралап шықты.

Жобаның мақсаты - шежірелі тарихты, бай табиғатымыз бен мәдени мұраларымызды насихаттау. Сондай-ақ туынды Қазақстанның көп зерттелмеген таңғажайып жерлерін көрсетіп, әлем жұртына таныстыруды көздейді. Жоба қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсетіледі.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу