Алматыда төрт көлік соқтығысып, бір адам жараланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда төрт көлік соқтығысып, бір адам жараланды

24.12.2021

Алматыда төрт көлік соқтығысып қалды. Жол апаты Солтүстік айналма жолында болған.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, жапондық темір тұлпар жол айрыққа қосылған жерде неміс авто көлігіне соғылған. Соққы салдарынан тоқтай алмай қалған жеңіл көлік қарсы бағытқа шығып, тағы екі машинаны зақымдаған. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккен бір адам ауруханаға жеткізілді.


Алматы көлік

Хабарламаларға жазылу