Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған заң қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған заң қабылданды

23.12.2021

Сондай-ақ бүгін сенатта кәсіпкерлікті дамытуға арналған заң мақұлданды. Оған сай енді мемлекеттік органдар бизнесмендердің ісіне негізсіз араласпауы керек. Әрі бизнесті жүргізуге қатысты талаптар жеңілдетілмек. Тіпті кәсіпке кесірін тигізген мемлекеттік органдар заң алдында жауап бермек. Сондай-ақ қағазбастылық қысқарады. Мәселен кәсіпкер электронды түрде есеп бере алмаса, оны қағаз түрінде сұратуға тыйым салынды. Десе де бұл норма 2023 жылдан бастап күшіне енбек. Сенат төрағасының айтуынша бұл кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашып, жұрттың табысын арттыруға мүмкіндік бермек.


Хабарламаларға жазылу