Қарағандыда пандемия кезіндегі шынайы оқиғалар негізінде түсірілген «Бірінші толқын» деп аталатын кинотуынды көрерменге жол тартты. Фильмнің режиссері - Арман Әлімжанов. 8 сериядан тұратын драмада төтенше жағдай кезіндегі елдегі қиын-қыстау кезең айшықты суреттелген. Туындыны толық әзірлей үшін 8 ай уақыт кеткен. Актерлердің арасында індет жұқтырып ауырғандары, тіпті жақындарынан айырылғандар да болған. Негізгі оқиғалар қала орталығында өрбиді. Кинокартина шынайы болу үшін жолдарға блок-бекеттер қойылып, медицина қызметкерлері, тәртіп сақшылары атсалысқан.
Жәнібек Садықанов, фильмнің продюсері:
Кино түсірілімі кезінде 2,3 толқындарда болды. Сол кезде біздің актерлерде ауырып қалып, кейде түсіретін жерге кіргізбей , «қызыл» болып кеттік деп. Сондай қиындықтар болды. Бірақ сәтімен шықты деп айтуға болады. Қарағандыда киноға түсем деген белсенді ұл-қыздар көп екен. Сәтті шықты деп ойлаймын.
Руслан Нұрланұлы