Құлан ауылында кинотеатр ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құлан ауылында кинотеатр ашылды

23.12.2021

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы қарасты Құлан ауылында кинотеатр ашылды.

Елді мекенде бұрын-соңды кинотеатр болмаған. Биыл «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында қазынадан қаражат бөлініп, 100 көрерменге шақталған мәдени нысан ел игілігіне берілді. Мұнан өзге жастарға тегін қызмет көрсететін караоке орталығы да бар. Игілікті іс «Рухани жаңғыру» бағдарламасының нәтижесі. Шалғайдағы ауылда кинотеатрдың ашылуы тәуелсіздіктің 30 жылдығына керемет тарту болды дейді ауыл тұрғындары.

Қожайхан Бижанов, ауыл тұрғыны:

Мынау бүгін «Сұлутөр» кинотеатры осы мәдениет саласындағы атқарылып жатқан әлеуметтік игі істердің бірі болып табылады. Облысымыз өркендей берсін, еліміз тыныш болсын.


құлан ауылы жамбыл облысы

Хабарламаларға жазылу