Президенттің атына құттықтау хаттары толастар емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің атына құттықтау хаттары толастар емес

21.12.2021

Тәуелсіздік күніне орай Президенттің атына шет ел басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары әлі де түсіп жатыр. Онда Қазақстанның көптеген саладағы жетістіктері мен өзара ынтымақтастық арқасында бағындырған белестер жайында жазылған. Еліміздің Орталық Азияда маңызды рөл атқаратын мемлекетке айналғаны айтылған. Сондай-ақ, Қазақстан халқын ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтап, елдің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсартуға, мемлекеттік басқару ісі мен заң үстемдігін нығайтуға бағытталған Президенттің ауқымды реформаларын жоғары бағалаған.


Хабарламаларға жазылу