Қазақ-Қытай шекарасында кезек күткен жүк көліктерінің саны 11 мыңға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ-Қытай шекарасында кезек күткен жүк көліктерінің саны 11 мыңға жетті

21.12.2021

Қазақ-Қытай шекарасында кезек күткен жүк көліктерінің саны 11 мыңға жетті! Бизнесмендер мәселеге Үкіметтің шұғыл араласуын сұрап отыр.

Айтуларынша Қорғас өткізу пункті арқылы бұрын тәулігіне 400-600 көлік өтсе, қазір ең көбі 40 жүк машинасы ғана Қытайға кіреді. Соның кесірінен кезек 20 шақырымға созылып кеткен дейді. Бұл тасымалдаушыларды шығынға батырып жатыр. Ал Қытай тарапы карантин талаптарын жеңілдетер емес. Бұған дейін жүргізілген келіссөздер нәтижесінде жағдай жақсарғандай болғанымен, бақылау қайта күшейген. Сол үшін кәсіпкерлер мәселені бір жола шешуге көмек сұрап отыр.


Хабарламаларға жазылу