Депутат: БЖЗҚ-дағы жеткілікті шекті өсірмеу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат: БЖЗҚ-дағы жеткілікті шекті өсірмеу керек

15.12.2021

Зейнетақы қорындағы қаржының шеткілікті шегін өсірмеу керек. Бүгін осыны сұраған мәжіліс депутаты премьер-министрге сауал жолдап, шеткілікті шекті қайтадан есептеу қажеттігін айтты. Өйткені келер жылы сәуірден бастап оның көлемі өсетіні белгілі. Бұған ең төменгі жалақы мөлшерінің 42500-ден 60 мың теңгеге ұлғаюы түрткі болған. Бұл дұрыс емес дейді депутат. Айтуынша зейнетақымен қамту туралы заң бойынша жеткілікті шек, ең төменгі жалақымен емес, ең төменгі зейнетақымен есептелуі керек. Сонда шеткілікті шек көлемі азайып, қаржысын мақсатына қарай пайдалана алатындар арта түседі дейді.

Аманжан Жамалов, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Біраңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жиналған қаржының азаматтарға берілуіне мүдделі емес. Сол үшін жеткілікті шекті олар есептемеуі керек. Бұл іспен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айналысуы тиіс. Сондай-ақ жаңа жеткілікті шекті есептеп шығарған адамды жауапқа тартуды сұраймыз.


Хабарламаларға жазылу