Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай шетел басшылары жылы лебіздерін жолдауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай шетел басшылары жылы лебіздерін жолдауда

15.12.2021
Кешелі бері Елбасының атына келіп жатқан хаттар легі толастар емес. Тәуелсіздіктің 30 жылдыєына орай шетел басшылары жылы лебіздерін жолдауда. 

Си Цзиньпин, Қытай Халық Республикасының төрағасы:

Сіздің көреген басшылығыңызбен Қазақстан мемлекет құру ісінде табысты даму жолына түсіп, зор жетістіктерге жетті, Еуразия өңіріндегі беделді мемлекетке айналды. Қытай мұны тату көрші әрі мәңгілік көпжақты стратегиялық әріптес ретінде қуанышпен қабылдайды.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия Республикасының президенті:

Қазақстан мен Түркия арасындаєы қарым-қатынастың қарқынды дамуы және Сіздің тікелей қолдауыңызбен құрылған. Түрік мемлекеттері ұйымының нәтижелерін жоғары бағалаймыз.

Эмомали Рахмон, Тәжікстан Республикасының президенті:

Қазіргі Қазақстанның жетістіктерінің барлығы Сіздің есіміңізбен және Сіздің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті лауазымындағы көпжылдық жемісті мемлекеттік қызметіңізбен тығыз байланысты.

Садыр Жапаров, Қырғыз республикасының президенті:

Байланыстарымыз алдағы уақытта да біздің елдеріміздің игілігі жолында үздіксіз дамып, тереңдей береді.

Гурбангулы Бердымухамедов, Түрікменстан президенті:

Біз жақын көршіміздің жетістіктері үшін қуанамыз және стратегиялық сипатқа ие екіжақты қатынастарды дамытуға дайынбыз.

Хабарламаларға жазылу