Балқаш қаласында айрықша 30 аялдама пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балқаш қаласында айрықша 30 аялдама пайда болды

15.12.2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Балқаш қаласында айрықша 30 аялдама пайда болды. Оларда еліміздің мемлекеттігін қалыптастыруға сүбелі үлес қосқан тарихи тұлғалардың, қайраткерлердің, әдебиет пен мәдениет өкілдерінің өмір жолы, еңбектері жазылған.

Кейбір өнер тарландарына арналған аялдамаларда қазақ әндері әуелеп, күйлері күмбірлеп тұр. Атап өтерлігі, аялдамалардың тек 6-уына ғана жергілікті бюджеттен қаражат бөлінген. Қалғаны демеушілердің көмегімен салынған. Енді алдағы уақытта Балқаштағы басты көшелердің бірінде «Тәуелсіздік белестері» тақырыбымен тағы бір аялдама көркемделмек..

Сәуле Ахметжанова, Балқаш қаласының тұрғыны:

Аялдамада тұрғанда кейбірі анау соткасын шұқылап тұрғанша сол нақыл сөздерді оқысын. Әне гимн туралы деректер жазылған. Абайдың кім екенін, «Абай жолын» кім жазғанын, тұлғаларымызды кейбір жастарымыз білмейді. Келер ұрпақ үшін соның бәрін тәрбие ретінде ілген деген дұрыс.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу