Қызылордада медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада медицина қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

15.12.2021

Қызылордада Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай жүзден аса медицина қызметкері марапат төрінен көрінді. Салтанатты шарада пандемиясы кезінде өмірі қиылған ақ халатты абзал жандардың да есімі ұлықталып, олардың ата-аналарына құрмет көрсетілді.

«Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін» төсбелгісі жұмыс барысында жол апатынан қаза тапқан Жадыра Омарова мен Бақытжан Маеновтің отбасы мүшелеріне берілді. Сондай-ақ, індетпен күресте адам өмірін арашалап, мамандығына адалдық танытқан дәрігерлер де ұмыт қалған жоқ. Мерекелік шарада облыс медицинасының 30 жылдық тарихын қамтыған кітап таныстырылды.

Бауыржан Төлеген, қалалық көпсалалық ауруханасының бас дәрігері:

Бүкіл әлемді шарпыған пандемия кезінде және де осы облыстың медицинасының дамуына үлкен үлесін қосқан әріптестерімнің бүгінгі марапаттарының барлығы құтты болсын дегім келеді.


Хабарламаларға жазылу