Жандарбек Бекшин коронавирусқа қандай вакцина тиімді екенін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жандарбек Бекшин коронавирусқа қандай вакцина тиімді екенін айтты

15.12.2021

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері коронавирусқа қарсы қандай вакцинаның тиімді екенін айтты. Жандарбек Бекшиннің сөзінше, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сәуір айынан бастап коронавирусқа қарсы вакциналаудан кейін COVID-19 жұқтыру деректерін бақылауға алған. Коронавирусқа қарсы екпе алған 980 мыңнан адамның тек 3 мыңнан астамы ғана инфекция жұқтырған. QazCovid-in вакцинасын алғандар арасында ауру жұқтыру дерегі аз тіркелген. Стационар қызметкерлері қайта вакциналау кезінде де дәл осы екпені таңдады дейді ведомства басшысы.

Жандарбек Бекшин, қалалық бас мемлекеттік санитарлық дәрігері:

Басқа вакциналармен салыстырғанда отандық вакцинамен егілгеннен кейін жанама әсерлері аз болған. Сондай-ақ вакцинаның ұзақ әсері байқалады. Отандық вакцинаны алғаннан кейін ең аз үлесі тарапын көрсеткендіктен, аурухана қызметкерлері ревакцинация алуға лайықты қорғаныш деген шешімге келді.

Хабарламаларға жазылу