ММУ Қазақстандағы филиалына жаңа ғимарат берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ММУ Қазақстандағы филиалына жаңа ғимарат берілді

14.12.2021

Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалына жаңа ғимарат берілді. Білім ордасының 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шарада Мемлекеттік хатшы, осыны мәлімдеді. Қырымбек Көшербаев Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жолдаған құттықтау хаттарын оқып берді. Жоғары оқу орнының мерейтойы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Жалпы университет филиалы Елбасының бастамасымен ашылған. Ал, Президент тапсырмасымен білім ошағына берілген жаңа нысан - еңбек нарығына қажетті мамандар санын арттырып, жоғары дәрежелі кадрлар дайындауға мүмкіндік бермек. Филиал 20 жыл ішінде 2 мыңнан астам маман даярлады. .

 Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

Өткен тарихқа көз салсаңыз қазақтың талай асыл-арыстары Ресейде білім алып, жетілді. Арғы заманда да, кешегі Кеңестік кезеңде де, бүгінгі Тәуелсіздік уақытында да біздің білім іздеп, ілім қуған жастарымыздың көбі Ресейді таңдады. Себебі ондағы білім беру ісінің тамыры терең. Соның бірі, тіпті бірегейі –Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті. Аталған оқу орнын бітірген талай түлек бүгінде азат Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық ахуалын көтеруге белсенді түрде атсалысып жүр.


Хабарламаларға жазылу