Павлодарлық тұрғын теріс ағымдағы кітаптарды насихаттағаны үшін айыппұл төлейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлық тұрғын теріс ағымдағы кітаптарды насихаттағаны үшін айыппұл төлейді

14.12.2021

Павлодар облысында заңмен тыйым салынған діни ағымдарды насихаттайтын кітаптар мен әдістемелерді сатқан 19 жастағы әйел ұсталды. Ол теріс әрекетін іске асыру үшін әлеуметтік желіні пайдаланған. Алдымен оқулықтар мектеп оқушыларына арналған деп жарнама жібереді. Кейін сатылымға қойған. Арнайы сараптамадан кейін оқулықтар тегіс жойылды.

Жанар Біләлова, Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Жыл басынан бері полиция Екібастұзда 9 адамды ұстады. Олар дәстүрлі діннен бөлек, заңмен тыйым салынған кітаптарды таратқан.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу