Зерттеушілер үшін анықтамалық екі кітап жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зерттеушілер үшін анықтамалық екі кітап жарық көрді

14.12.2021

Алматыда орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінде «Архивтік аудиовизуалды құжаттар жинақтары жарияланымдарының мәдени және ғылыми маңызы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шара аясында зерттеушілер үшін анықтамалық екі кітаптың тұсаукесері өтті. Қос туындыға «Қазақтелефильм» киностудиясының 1963-1994 жылдар аралығын қамтитын деректі фильмдердің аннотацияланған каталогы» және «Жеке тектік қорлардан алынған фотоқұжаттардың жолсілтемесі» енгізілді. Алғашқы кітапта киноқұжаттардың 900-ден аса сақтау бірлігі болса, оған фильмдер, концерттік нөмірлер мен сирек кездесетін хроникалық құжаттар кіріп отыр. Ал, екінші кітапта барлық фотоматериалдардың толық сипаттамасы бар.

Қанат Шоманов, ҚР Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалар архивінің қызметкері:

Біздің архив қорымызға өткізілген киноқұжаттардың тізімін жасап, аңдатпасын түзетіп, қазақ тіліне, яғни мемлекеттік тілге аударып, оны хронологиялық, алфавиттік жүйеге келтіріп, өте үлкен жұмыстар атқарылып, 2020 жылы кітап жарық көрді.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу