Жамбыл облысында 100-ден аса тұрғынға баспана кілті табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында 100-ден аса тұрғынға баспана кілті табысталды

14.12.2021

Жамбыл облысында 100-ден аса тұрғын қоныс тойын тойлады. Талас ауданы Қаратау қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай екі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Аудан орталығында кеңестік дәуірден қалған көп қабатты тұрғын үйлер бар. Мемлекет меншігінде болғанымен, көбі қаңырап бос тұр. Өңірдегі тұрғын үй кезегін шешу мақсатында осы үйлер кезең-кезеңімен жөнделіп жатыр. Баспанаға ие болғандардың қатарында әлеуметтік әлжуаз топтағылар мен ұзақ жыл пәтер кезегінде тұрған азаматтар бар.


Хабарламаларға жазылу