Маңғыстаулықтар жылды қарсы алуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаулықтар жылды қарсы алуда

14.03.2014
Маңғыстаулықтар жылды қарсы алуда
Бүгін маңғыстаулықтар таңмен таласа тұрып, үлкен-кіші қол алыса көрісіп, көрші-қолаң, ағайын-туысты аралайды. Үлкендер төс қағыстырып амандасады. Жасы кішілер үлкендерге құрмет көрсетіп, ақ баталарын алады. Ренжісіп қалған адамдар болса, бір-бірінен кешірім сұрасады.
 
Бұл – жылдан-жылға аман-есен жету қуанышының, жұртшылықтың бір-біріне деген ыстық ықыласының белгісі. Деректерге сүйенсек, байырғы түркі халқы жыл басын 14 наурыздан бастап тойлаған.
 
Ол уақытта апта жеті емес, тоғыз күнге созылған. Сол кездегі есеп бойынша, қыстың ең суық күндері деп 22 желтоқсан мен 14 наурыз аралығын атаған. Сөйтіп, наурыздың 14-нен бастап жаңа ай туды деп саналған.

Хабарламаларға жазылу